Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі «Қазақинстрах» мемлекеттік компаниясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 17 тамыздағы № 776

Информация о документе
Датапонедельник, 17 августа 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 17 августа 1998
Дата последнего измененияпонедельник, 17 августа 1998

Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах"
мемлекеттік компаниясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 17 тамыздағы
№ 776

"ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 маусымдағы № 4003 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясы жарғылық капиталында мемлекеттің 100 проценттік қатысу үлесі бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Мыналардың:

1) "Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 қаңтардағы № 71 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 3, 41-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 29-тармағының күші жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
































Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом