Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қарашадағы № 1126 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 4 ноября 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 июня 2025

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қарашадағы № 1126 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды

 

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібін бекіту туралы» 1998 жылғы 15 сәуірдегі № 342 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібінде:

3-тараудың 2-тармақшасының үшінші абзацы «жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде өсімдіктерді қорғау құралдарын арзандату 100 процентке дейін жүргізілуі мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын.

2. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамына «Рон-Пуленк Агро Қазақстан» фирмасы 1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берген гербицидтердің нақты құны бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын 100 процентке дейін арзандатуды жүргізуге рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берілген гербицидтер үшін берешектерді өтеу туралы» 1998 жылғы 22 шілдедегі № 679 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом