Введите номер документа
Прайс-лист

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысы (2007.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 19 ноября 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 марта 2016

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысы

(2007.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысымен 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күші жойылды  

 

«Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 ; 2007.18.09. № 816 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар) және олардың филиалдарына, заң актілерінде жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілін тіркеу қызметі жүктелген өзге ұйымдар белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясы жүктелсін.

2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркейтін орталық және жергілікті атқарушы органдар, осы қаулының 1-тармағына сәйкес, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясын Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарға берсін.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзім ішінде Жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің тәртібін әзірлеп, бекітсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар мен олардың филиалдарының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен құрылым мен штат санын есепке ала отырып, оларды жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін жүзеге асыруы үшін қосымша қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етсін.

5. Министрліктер мен ведомстволар бір ай мерзім ішінде өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом