Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 Қаулысы (2023.22.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 25 декабря 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 1999
Дата последнего изменениясреда, 22 февраля 2023

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 Қаулысы

(2023.22.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңдарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі;

2) республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі бекітілсін.

2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағының 2 тармақшасында көрсетілген мекемелерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта тіркеуді жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде мемлекеттік мекеме туралы үлгілік ереженің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.

4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:

1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесін бекіту;

1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде орталық атқарушы органдармен келісе отырып, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бағдарламаларды орындайтын мекемелердің тізбесін бекіту; 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуді жүзеге асыру ұсынылсын.

5. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзім ішінде ведомстволық бағынысты мекемелерді, заңдарда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта тіркеуді жүзеге асырсын.

6. Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелері әрбір мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық балансын бекітсін және қайта тіркелген күннен бастап бір ай мерзім ішінде жиынтық қаржылық балансты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне келісуге ұсынсын.

7. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен. күші жойылды (бұр. ред. қара)

8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, 1999 жылдың 15 қаңтарына дейін, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары бұрын орындап келген жұмыстар мен қызметтерді бәсекелі ортаға беру туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.

9. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1998 жылғы 25 желтоқсанда

№ 1335 қаулысымен бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 25.05.99 ж. № 636; 23.06.99 ж. № 834; 19.07.99 ж. № 1002; 10.09.99 ж. № 1364; 21.09.99 ж. № 1427; 23.11.99 ж. № 1775 қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы

органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың

тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335

қаулысымен бекітілген

 

 

Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын,
сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің
тізбесі

 

ҚР Үкіметінің 03.03.99 ж. № 202; 15.05.99 ж. № 577; 25.05.99 ж. № 636; 23.06.99 ж. № 834; 19.07.99 ж. № 1002; 21.09.99 ж. № 1427; 23.11.99 ж. № 1775; 30.12.03 ж. № 1354 қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом