Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 34 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы № 236 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 12 марта 1999
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы
№ 34 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 12 наурыздағы № 236 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 34 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Ғылым академиясы) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

2. Ғылым академиясы қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:

1) ғылыми дамуының жай-күйін талдау мен болжау;

2) ғылымды дамытудың және ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

3) ғылыми-сараптық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен олардың орындалуын үйлестіруге қатысу;

4) өз құзыретінің шегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті нығайтуға, дамытуға жәрдемдесу.

3. Ғылым академиясының шекті штат саны 20 адам, қызметтік жеңіл автомобиль лимитті 1-еу болып бекітілсін.

4. Ғылым академиясы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының бюджеттік саладағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына сәйкес айқындалады деп белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом