Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 28 маусым № 407-I

Информация о документе
Датапонедельник, 28 июня 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 1999
Дата последнего измененияпонедельник, 28 июня 1999

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Заңы 1999 жылғы 28 маусым № 407-I

1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. 59-баптың 2-тармағындағы "Енгізілген жарна қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.

     2. 73-баптың 2-тармағында:

"елу мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жиырма бес еселенген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Енгізілген жарна қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.

     3. 88-бапта:

"елу мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жиырма бес еселенген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Енгізілген жарна кандидатқа қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын;

"Енгізілген жарна саяси партияларға қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының Президенті
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом