Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 906 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасреда, 30 июня 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 30 июня 1999
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 30 маусымдағы № 906 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат):

1-тармақтағы «Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздер «Тiркеу қызметi комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом