Введите номер документа
Прайс-лист

Туристік қызметті лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысы (2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 февраля 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 октября 2009

Туристік қызметті лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысы

(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен күші жойылды

2. ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен күші жойылды

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесі мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:

     "36. Қазақстан Республикасының
     Туризм және спорт жөніндегі
     агенттігі                                   туристі қызмет";
 

3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары күшін жойды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы

7 ақпандағы № 179

қаулысымен бекітілген

Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристік сапарларды ұйымдастыру, транзиттік туристерге қызмет көрсету (жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және топты алып жүруші қызметін көрсетуінен басқа) жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналар болып табылады:

1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін немесе туризм саласында бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің болуы;

2) әзірленген туристік бағыттар мен туристік қызмет көрсету бағдарламасының болуы;

3) туристерді қабылдау және қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаның (немесе ниет шарттарының), оның ішінде орналастыру орындарының, туристік жабдықтардың, көліктің, туристік ұйымның кеңсесіне арналған үй-жайдың болуы;

     4) жарнамалық-ақпараттық қызмет бағдарламасының болуы;

5) сақтандыру ұйымдарымен туристік қызметті сақтандыру туралы және жолаушыларды тасымалдаушылармен жасалған шарттардың (ниет шарттарының) болуы.

2. Тиісті білімі немесе арнайы курстарды бітіргені туралы құжаттың болуы гид-аудармашының, нұсқаушының, методистің және топты алып жүрушінің қызметіне қойылатын біліктілік талабы болып табылады.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом