Введите номер документа
Прайс-лист

Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыздағы № 408 қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 16 марта 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 16 марта 2000
Дата последнего изменениячетверг, 16 марта 2000

Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу
орталықтарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 наурыздағы № 408 қаулысы

Белгілi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтiк, медициналық және өзге де көмек көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2000 жылдың 1 маусымына дейiн 100 мың адамнан артық халқы бар қалаларда заңдарда белгiленген тәртiппен:

Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру;

пайдалануға жарамды бос тұрған үй-жайларды Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының балансына өткізу;

Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын жергілiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерiнiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды көздеу ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгімен және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен келiсе отырып, Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом