Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 16 мая 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 июня 2009

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы
16 мамырдағы № 394 Жарлығы

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Стратегияның тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Стратегияны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі

бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған

Стратегиясы

1. Кіріспе

Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының гүлденуі, Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету тұрғысында әзірленді.

Стратегия нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Үкіметтің басым міндеті болып белгіленген ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларына жауап береді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом