Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 30 маусымдағы № 981 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 июня 2000
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды
қаржыландырудың жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 30 маусымдағы № 981 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру үшін "Сарыарқа" кешенді даму орталығы" мекемесіне берілетін кредитті қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен заем туралы шарт бойынша несие пайызын өтеу есебіне алынған 50 (елу) миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшаны депозитке орналастыру туралы "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамымен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының келісім жасасуы жөніндегі шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау туралы ұсынысына келісім берілсін. Депозитті орналастыру және кредитті беру Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру қажеттігіне қарай үйлесімді жүзеге асырылуы тиіс.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шешімдерді қабылдасын және қажетті рәсімдерді жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом