Введите номер документа
Прайс-лист

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 3 шілдедегі № 1006 Қаулысы (2019.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 3 июля 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 ноября 2019

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 3 шілдедегі № 1006 Қаулысы

(2019.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804 Қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді

 

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804; 22.11.01 ж. № 1503; 28.12.01 ж. № 1755 22.10.02 ж. № 1138; 29.01.04 ж. № 100 (бұр. ред. қара);29.09.04 ж. № 996; 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара); 2008.28.04. № 340 (бұр.ред.қара); 2009.27.04 № 585; Қаулыларымен; 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 3 шілдедегі

№ 1006 қаулысына

қосымша

 

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.

6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

7. ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

9. ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары

11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.

12. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом