Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 маусымдағы № 934 Қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 24 июня 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 24 июня 2000
Дата последнего изменениясуббота, 24 июня 2000

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24
маусымдағы № 934 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына:

2, 5 және 9-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;

6-тармақтағы "Сатып алу процедурасын сақтауды бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетіне жүктелсін" деген сөздер алынып тасталсын;

2) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысына:

4-тармақтың үшінші-тоғызыншы және он екінші абзацтары алынып тасталсын;

3) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 наурыздағы № 227 қаулысына:

1-тармақтың екінші абзацының және 3-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

аталған қаулыға 2-қосымшада:

3-тармақтағы "20" деген сан "60" деген санмен ауыстырылсын;

4-тармақ "3 (үш) айдан аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтағы "және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алынып тасталсын;

10-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің";

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының";

12-тармақтағы "Қордың Байқаушы кеңесінің және Үйлестіру кеңесінің" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтағы "Үйлестіру кеңесі" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом