Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1127 (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 26 июля 2000
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын
үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы
алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының
тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1127

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 593 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 сәуірінен қолдануға енгізіледі және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Үкіметінің
                                                 2000 жылғы 26 шілдедегі
                                                   № 1127 қаулысымен
                                                       бекітілген
 
      Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының
        тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді
        төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери
          қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының
                       Тізбесі
 

1. Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры мен оның орынбасарлары

2. Бас әскери прокуратура басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары, Бас әскери прокурордың аға көмекшілері

3. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдері бастықтарының орынбасарлары

4. Бас әскери прокуратураның аға әскери прокурорлары мен әскери прокурорлары

     5. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бас мамандары

6. Гарнизонның (әскерлердің) әскери прокурорлары мен олардың орынбасарлары

7. Гарнизондардың (әскерлердің) әскери прокурорларының аға көмекшілері мен көмекшілері








Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом