Введите номер документа
Прайс-лист

Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензиялар беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы (2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 30 сентября 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 августа 2007

«Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық
жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы

(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.6.07. № 574 қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 (бұр. ред. қара); 2005.27.07 № 779 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді

 

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 (бұр. ред. қара); 2005.27.07 № 779 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды  лицензиялауға қойылатын біліктілiк талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:

реттік нөмірі 13-жолдағы:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі";

3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 (бұр. ред. қара) ; 2005.27.07  № 779  (бұр. ред. қара) қаулыларымен Ереже  өзгертілді

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 1481 қаулысымен

бекітілген

Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық

жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптары

 

1. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен  1 Бөлім (2-14 тармақтар) алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен   өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мынадай біліктілік талаптары:

заңды тұлғалар үшін:

1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс;

2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;

3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы;

4) әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.

Жеке тұлғалар үшін:

1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы;

2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы;

3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;

4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.

2. ҚР Үкіметінің 2005.27.07  № 779   қаулыcымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

3. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен  3 Бөлім (17-19 тармақтар) алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

4. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен  4 Бөлім (20, 21 тармақтар) алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом