Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мүлікті бағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы 2000 жылғы 8 қарашадағы № 96-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датасреда, 8 ноября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 8 ноября 2000
Дата последнего изменениясреда, 8 ноября 2000

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
мүлікті бағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу
туралы 2000 жылғы 8 қарашадағы № 96-II Қазақстан
Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат):

319-баптың 5-тармағындағы "мүлiктi бағалау жөніндегі мемлекеттік органның" деген сөздер "мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат):

32-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның" деген сөздер "мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев




 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом