Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 1744 қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 21 ноября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 21 ноября 2000
Дата последнего изменениявторник, 21 ноября 2000

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы"
Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 21 қарашадағы № 1744 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың және оларға орналастырылатын мемлекеттік органдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 23-жолдың 4-бағанында "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті жерлерде сот әкімшілерін орналастыру үшін жетіспеген үй-жайларды бөлуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом