Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 15 желтоқсандағы № 124-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапятница, 15 декабря 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 15 декабря 2000
Дата последнего измененияпятница, 15 декабря 2000

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы"
заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы
15 желтоқсандағы № 124-II Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi.".

2. 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервтi басқару жөніндегі уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;".

3. 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртібі өзге заң актілерімен белгiленедi.".

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.А. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом