Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 130-II Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датачетверг, 21 декабря 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 21 декабря 2000
Дата последнего изменениячетверг, 21 декабря 2000

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы
21 желтоқсандағы № 130-II Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат):

1) 4-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;";

9) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 7-бапта:

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;";

12) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңды күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 158-құжат; 1995 ж., № 23, 143-құжат):

4-тармақтың екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтары алып тасталсын.

2-бап. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге қатысты нормаларды қоспағанда, осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.А. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом