Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датасреда, 17 января 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 17 января 2001
Дата последнего изменениясреда, 17 января 2001

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары
аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын.

3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер

     "Қазақстан Республикасының Білім                     251
     және ғылым министрлігі, оның ішінде:                 45";
     Жоғары аттестациялық комитет
     деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі






















































































Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом