Введите номер документа
Прайс-лист

«Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 6 сәуірдегі № 461 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 6 апреля 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2008

«Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 6 сәуірдегі № 461 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда, көмірсутекті шикізатты барлау, әзірлеу және өндіру туралы келісімдерде, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдерде мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Жарғы капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен "Мұнайконсалтинг" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында жеке және заңды тұлғаларға консультациялық қызмет көрсету болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 77 500 (жетпіс жеті мың бес жүз) теңге бөлсін.

ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берсiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіне:

"Астана" деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-10-жолмен толықтырылсын:

     "21-10  АҚО        "Мұнайконсалтинг" ЖАҚ";

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:

     "9-1   АҚО      "Мұнайконсалтинг"  ЖАҚ".

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қ. Тоқаев

















 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом