Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстанның Даму Банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы 2001 ж. 25 сәуірдегі № 179-II Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстанның

Информация о документе
Датасреда, 25 апреля 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 25 апреля 2001
Дата последнего изменениясреда, 25 апреля 2001

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
Қазақстанның Даму Банкі қызметінің мәселелері
бойынша толықтырулар енгізу туралы 2001 ж. 25
сәуірдегі № 179-II Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 3-баптың 3-тармағы "Өзге" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

2) 17-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі "бола алады" деген сөздерден кейін ", ал Қазақстанның Даму Банкінің акционерлері болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да қатыса алады." деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 23-24, 420-құжат; 1998 ж., № 23, 417-құжат; 1999 ж., № 23, 932-құжат):

9-бап мынадай мазмұндағы ч-2) тармақшасымен толықтырылсын:

"ч-2) Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы; мүліктен өндіріп алу туралы; сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша борышкерлер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талаптар берген кезде;".

3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (2001 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):

27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

"22-1) Қазақстан Даму Банкінің жарғылық капиталына қатысады.".

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев






























 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом