Введите номер документа
Прайс-лист

«Барап» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1326 қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 15 октября 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 15 октября 2001
Дата последнего измененияпонедельник, 15 октября 2001

"Барап" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1326 қаулысы

Ақмола облысының табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барап" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

2. Мекеменің аумағында орналасқан ормандар "ерекше құнды орман алқаптары" қорғау санатына жатқызылсын.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) екі айлық мерзімде Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекеменің қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген сома есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

"Ақкөл" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздерден кейін "Барап" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом