Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 наурыздағы № 361 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датасреда, 27 марта 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 27 марта 2002
Дата последнего изменениясреда, 27 марта 2002

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы"
мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 27 наурыздағы № 361 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.

2. Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.

4. Алматы қаласының әкіміне кейін Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығына беру үшін Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасы бірлескен қызмет иттері питомнигінің коммуналдық меншіктегі мүлкін республикалық меншікке белгіленген тәртіппен беру ұсынылсын.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды

5.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом