Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақ мемлекеттік циркі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 417 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датачетверг, 11 апреля 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 11 апреля 2002
Дата последнего изменениячетверг, 11 апреля 2002

"Қазақ мемлекеттік циркi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын
республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 417
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)


Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес және Алматы қаласы әкімінiң ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң "Қазақ мемлекеттік циркi" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) мүлiк кешенi ретiнде белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласының әкімімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

3. Алматы қаласының әкімі белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) күші жойылды

2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттері мемлекеттік республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 153-жол алынып тасталсын;

3) күші жойылды

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов




 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом