Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 мамырдағы № 559 қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 23 мая 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 23 мая 2002

Мемлекеттік меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 мамырдағы № 559 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын "Хабар" агенттігі" жабық акционерлік қоғамына беру туралы шартты бұзсын;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт бұзылғаннан кейін "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берсін;

3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-28-жолмен толықтырылсын:

     "21-28                       "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                                  республикалық корпорациясы" ЖАҚ".

3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-16-жолмен толықтырылсын:

     "224-16 СТЛ - 000337         "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                                  республикалық корпорациясы" ЖАҚ".

4. "Мемлекеттік теледидар мен радионы дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 1018 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 361-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы орындалғаннан кейін күшіне енетін 2 және 3-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом