Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы 1998 жылғы 6 шілдедегі келісімге Хаттама (Мәскеу қ., 2002 жылғы 13 мамыр) (2015.15.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 13 мая 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 15 октября 2015

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келісімге
Хаттама
(Мәскеу қ., 2002 жылғы 13 мамыр)
(2015.15.10. берілген өзгерістермен)

 

Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 карашадағы № 356-ІІ Заңымен сәйкес бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегі келісімге (бұдан әрi - Келісім) сәйкес,

Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң жер қойнауын игеруге екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан «Құрманғазы» («Құлалы»), «Центральная» геологиялық құрылымдарының және «Хвалынское» кен орнының көмiрсутегi ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,

Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн және оның биоресурстарын қорғау мен сақтау қажеттiгiн негiзге ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

1. Осы Хаттамада жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының өтуiне қатысты географиялық координаттар белгiленедi.

2. Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерi географиялық координаттарының каталогы осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады (1-қосымша).

3. Модификацияланған ортадағы сызық каталогқа сәйкес Тараптар келiскен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу схемасына түсiрiлдi (2-қосымша).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом