Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ашық акционерлік қоғамының дивидендтерін есептеу мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 тамыздағы № 906 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 15 августа 2002
Статус
Утратил силу

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік
қоғамының дивидендтерін есептеу мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 тамыздағы № 906 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 828 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамын одан әрі дамуға ынталандыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2002-2004 жылдар кезеңіне "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының таза табысының 10 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттау туралы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:

1) "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының иеленуінде қалатын таза табыстың бір бөлігін оның дамуына және материалдық-техникалық базасын жетілдіруге бағытталуын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом