Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 916 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 19 августа 2002
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 916 қаулысы

ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігiнің Автомобиль жолдары комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат):

3-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және кoммуникациялар министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

2) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат):

тақырыбында және 1-тармағында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде:

тақырыбында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақтың бiріншi абзацында:

"Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

"автожолдар секторында" деген сөздерден кейiн "және көлiктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақ "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

1) тармақша ", сондай-ақ көліктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымы құрылысының бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу" деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша "қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақта:

3) тармақша "жол шаруашылығы" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын;

"6-1) көліктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;";

10) тармақша "жол секторын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын;

12-тармақтың 2) тармақшасы "автомобиль жолдарын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов










































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом