Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығы (2022.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 29 марта 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 июля 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы

(2022.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды

 

Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2009.27.07. № 852 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара)1-тармақ өзгертілді

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.

1-1. ҚР Президентінің 2007.13.11. № 436 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының;

2) «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.

2-1. ҚР Президентінің 2011.17.06. № 101 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом