Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жезқазғансирекмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 21 ноября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 21 ноября 2002
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жезқазғансирекмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жезқазғансирекмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 27.02.03 ж. № 208 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi құрамында осмий, рений және сирек жер металдары бар материалдарды қайта өңдеу және бұл металдарды өндiру мәселелерi бойынша ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» және «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.»;

3) ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом