Введите номер документа
Прайс-лист

Өрт қауіпсіздігі саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (2005.24.08. берілген өзгерістерімен ) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 23 декабря 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 ноября 2010

Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне  қойылатын  біліктiлiк талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысы

(2005.24.08. берілген өзгерістерімен )

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы  № 1095 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 1348 қаулысымен бекітілген

 

 

Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын

біліктiлiк талаптары

 

Осы Біліктілік талаптары өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялық қызметпен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және оған мыналарды қамтиды:

1) өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау:

заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс;

субъектiнің жобалау жұмыстарын орындау үшiн нормативтік-техникалық базасы (әдебиетi) болуы тиiс;

2) өрт дабылы және өртке қарсы автоматика құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника, өрттен қорғану жабдықтары мен құралдарын шығару:

заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау немесе монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника немесе өрттен қорғану құралдарын аудару мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы, белгiленген тәртiппен тiркелген ұйымдар берген электр кернеуi бар жабдықпен жұмыс iстеуде білімінің тексерiлгенi туралы белгiленген үлгiдегі құжаты болуы тиiс;

субъектiнің санитарлық және өртке қарсы талаптарға жауап беретiн үй-жайлары, өнiмдi шығаруға арналған жабдығы (немесе оларды жалдауға арналған шарты), белгiленген тәртiппен бекітілген шығарылатын немесе шығару жоспарланып отырған өнiмге арналған техникалық құжаттамасы (техникалық шарттары, конструкторлық құжаттамасы, паспорты немесе нұсқаулығы), сондай-ақ құрастырылатын (шығарылатын) өнiмнiң сапасын тексеруге арналған қондырғысы болуы тиiс;

3) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 24 тамыздағы № 867 Қаулысымен  алып тасталды  (бұр .ред. қара)

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом