Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы № 456 қаулысы (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы № 456 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.