Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2003 ж. 2 шілдедегі № 451-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датасреда, 2 июля 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 2 июля 2003

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2003 ж.
2 шілдедегі № 451-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 жылғы 9 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

28-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы алып тасталсын;

30-бап мынадай мазмұндағы 1-1 бөлiкпен толықтырылсын:

"1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы iстердi қарайды.".

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

538-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары;";

541-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"541-бап. Соттар";

бiрiншi бөлiктегi "Аудандық және соларға теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

655-бапта:

екiншi бөлiктегi "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi бөлiктегi "аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

661-баптағы "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

664-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

668-баптың бесiншi бөлiгiндегi "Аудандық және оған теңестiрілген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

672-баптағы "аудандық және оған теңестiрiлген соттың", "аудандық және оған теңестірілген соттардың", "аудандық және оған теңестiрiлген соттар" деген сөздер тиiсiнше "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрілген әкiмшiлiк соттың", "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың", "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшiлiк соттар құрылғанға дейiн осы Заңмен олардың соттауына жатқызылған iстердi аудандық және соларға теңестiрілген соттар қарайды.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев






































































































































































 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом