Введите номер документа
Прайс-лист

Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі және Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 846 қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 22 августа 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 22 августа 2003
Дата последнего измененияпятница, 22 августа 2003

Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі және Дәрілік
заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 тамыздағы № 846 қаулысы


Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, республика ғалымдарының зияткерлік меншігін қорғау және дәрілік құралдарды тіркеу рәсімін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп:

1) Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді заттарды есепке алу, тіркеу және сақтау ережесін әзірлесін және бекітсін;

2) Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді заттардың үлгілерін, дәрілік заттар мен бөгде қоспалардың мемлекеттік және жұмыстық стандартты үлгілерін есепке алуды, тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында Биологиялық белсенді қосылыстар бойынша республикалық банк және ақпараттық дерекқор құрсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің "Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында Дәрілік заттар мен бөгде қоспалардың стандартты үлгілері бойынша республикалық банкін және ақпараттық дерекқор құрсын.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:

"21. Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі;

22. Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом