Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1112 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 7 ноября 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 июня 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1112 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсін:

1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсін:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру";

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады";

2) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсін:

     Исекешев                    - Қазақстан Республикасының
     Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда вице-министрi
     Мұстафин                    - Қазақстан Республикасының Көлiк
     Қуандық Сапарұлы              және коммуникациялар министрлігі
                                   Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы
     Ойнаров                     - Қазақстан Республикасының
     Азамат Рысқұлұлы              Қаржы вице-министрi
     Түсімов                     - Қазақстан Республикасының Iшкi
     Өмiрзақ Төлеуұлы              iстер министрлігі Жол полициясы
                                   департаментiнің бастығы;
           мына:
     "Белоног                    - Қазақстан Республикасының
     Анатолий Александрович        Денсаулық сақтау вице-министрi,
                                   Қазақстан Республикасының бас
                                   мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"

деген жолда "вице-министрі" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген құрамнан Бейсембаев Мұхтар Таңатұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы, Өмiрзақов Берік Нұрпейісұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрi

Д. Ахметов



 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом