Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 35 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы № 1150 қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 14 ноября 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 14 ноября 2003
Дата последнего измененияпятница, 14 ноября 2003

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 35
қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы № 1150 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:

"Астана қаласы" деген бөлiмде "Елорда" баспасы" ААҚ" деген реттiк нөмiрi 21-29-жол алынып тасталсын;

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлiмде:

реттік нөмiрi 224-18-жол алынып тасталсын.

2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 35 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 13-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом