Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 150ш қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 150ш қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгiзілсiн:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесі 5-бағанының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларды іске асыру тиiмділігінiң мониторингін жүзеге асыру ережесін әзiрлеу.";
7-тармақтағы "12" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.