Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығын «Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30 желтоқсандағы № 1354 қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 30 декабря 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 30 декабря 2003

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығын
"Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесін қайта атау
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30 желтоқсандағы № 1354
қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып аталсын.

2. Мекеменің негізгі міндеттері:

тіршілік ету орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда, халықтың денсаулығына әсер етуін кешенді бағалау;

халықтың жұқпалы, паразиттік аурулармен ауруының және улануының пайда болу себептері мен жағдайларын зерттеу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарына қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген реттік нөмірі 38-жолдағы "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" деген 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"1 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы".

5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом