Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 5 июня 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 ноября 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысымен күші жойылды

 

Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесінде:

6-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, жеке куәлiктiң коды және штрих-коды көрсетіледi.»;

28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

«Азаматтарды тiркеу тұрақты тұрғылықты жерi бойынша, оның iшiнде тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, саяжай бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң тұрғын үй құрылыстарында, интернат-үйлерiнде, тұрғын үйге бейiмделген қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

Д. Ахметов




































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом