Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 5-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 631 қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 7 июня 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 7 июня 2004

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 қаңтардағы № 5-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 631
қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат):

1-тармақта:

Әлеуметтiк серіктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкiлдерiнiң құрамына:

     Әйтiмова                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Бiрғаным Сарықызы          Министрінің орынбасары, төрайым
 
     Лукин                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Андрей Иванович            және сауда вице-министрi
 

енгiзiлсiн;

"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi вице-министрi" деген жолдағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;

Марченко Григорий Александрович, Андрющенко Александр Иванович көрсетiлген құрамнан шығарылсын;

2) "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы бағалауды жүргiзу және оны азайту бойынша шаралар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 5-ө өкіміне:

1-тармақта:

Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы бағалауды жүргiзу және оны азайту бойынша шаралар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

"Келiмбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi, жетекшiнiң орынбасары" деген жолдағы "жетекшiнiң орынбасары" деген сөздер "жетекшi" деген сөзбен ауыстырылсын; Ыбырайымов Рүстем Әнуарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

Марченко Григорий Александрович, Наймушина Ольга Вадимовна көрсетiлген құрамнан шығарылсын;

2-тармақтағы "1 наурызға" деген сөздер "1 шiлдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом