Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін мұнай және (немесе) газ өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 632 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 июня 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 января 2009

Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе)
газ өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегі қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 632
қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 119-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрлерiнiң тiзбесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 7 маусымдағы № 632 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және

(немесе) газ өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрлерінiң тiзбесi

    
Р/с
 N 
   
                     Атауы                 
                                           
                                           
Экономикалық қыз- 
меттiң жалпы жік- 
теуішінің кодтары 
 1                         2                            3         
1.  Мотор отынын: бензиндi, керосиндi және т.б.   23.20-дан       
    қоспағанда, мұнай өнiмдерiн; отынды: жеңiл                    
    дистиллят отынын, орташа дистиллят отынын                     
    және ауыр дистиллят (дизель) отынын өндiру*                   
2.  Өзге де негiзгi органикалық (химиялық)        24.14           
    заттар өндiру                                                 
3.  Бастапқы нысандардағы пластмасса өндiру       24.16           
4.  Синтетикалық каучук өндiру                    24.17           
5.  Сырлар мен лактар өндiру                      24.3            
6.  Сабын және жуғыш, тазалау және жылтырататын   24.5            
    құралдар, парфюмерлiк және косметикалық                       
    құралдар өндiру                                               
7.  Жасанды және синтетикалық талшықтар өндiру    24.7            
8.  Резеңке бұйымдар өндiру                       25.1            
 

* - қызмет түрлері Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (ЭҚЖЖ) сәйкес кодпен де және қызмет түрлерiнiң атауымен де айқындалады.























Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом