Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 13 августа 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 13 августа 2004
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнің

міндетін атқарушы

 

 

 

А. Есімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом