Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы
(2013.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереже бекітілсiн.
2. Мыналардың:
1) «Республикалық ұлан туралы Ереженi бекіту туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығының;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 3396 Жарлығының 1-тармағының;
3) «Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 3855 Жарлығының 2-тармағының;
4) «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшiлерiнің, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалпы штат санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығының 6-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 2013.06.05. № 562 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 28 тамыздағы
№ 1428 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер