Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 10 ноября 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 июня 2009

Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы
№ 1471 Жарлығы

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсiн.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 108-құжат; 2003 ж., № 44, 472-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2004 жылғы 10 қарашадағы

№ 1471 Жарлығымен

бекітілген

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом