Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар мен қызметтерді өндіретін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2005 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемі (пайызбен көрсеткенде) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 1213 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датачетверг, 18 ноября 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 18 ноября 2004
Дата последнего изменениячетверг, 18 ноября 2004

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi
құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты
ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға
арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде)
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қарашадағы
№ 1213 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы бекітілсiн.

2. Конкурстарды ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарлар мен қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 30 пайызы көлемiнде жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнiң

2004 жылғы 18 қарашадағы

№ 1213 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық

бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi

өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар

сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң

2005 жылға арналған номенклатурасы

1. Азық-түлiк тауарлары:

1) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

2) макарон өнiмдерi;

3) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен  алып тасталды(бұр. ред. қара)

4) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен  алып тасталды(бұр. ред. қара)

2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:

1) тiгiн өнiмдері;

2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;

3) арнайы киім;

4) терiден тiгілген киімдер және оның керек-жарақтары, терi бас

киімдер;

5) төсек-орын керек-жарақтары;

6) электр-техникалық бұйымдар;

7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін

қосалқы бөлшектер (сүзгіштер, электр сымдары, щеткелер);

8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;

9) мал байлайтын шынжыр;

10) рабица торкөзі;

11) тұрмыстық мектеп және кеңсе жиһазы;

12) кеңсе тауарлары;

13) құрылыс материалдары:

тротуар тақталары;

ағаш бұйымдары;

шегелер;

терезе және есiк жақтаулары;

14) қылқалам-щетке бұйымдары;

15) тығындау бұйымдары;

16) қатырма қағаз бұйымдары.

3. Қызметтер:

1) аяқ киім тiгу және жөндеу;

2) полиграфиялық;

3) салт-ғұрыптық;

4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерi;

5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.













Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом