Введите номер документа
Прайс-лист

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-III Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датачетверг, 23 декабря 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 23 декабря 2004

Қазақстан Республикасының Заңы

 

"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды

әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер

енгізу және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының күші жойылды деп тану туралы

1-бап. "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 13-баптың 2-тармағында 4) тармақшадағы "артықшылық алуға;" деген сөздер "артықшылық алуға құқық беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

2) 15-баптың 3) тармақшасындағы "тегін алуға;" деген сөздер "тегін алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

3) 16-баптың 3) тармақшасындағы "тегін алуға;" деген сөздер "тегін алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

4) 17-бапта "Осы" деген сөз "1. Осы" деген сөзбен, 1) тармақшадағы "жалақысы сақталуға;" деген сөздер "жалақысы сақталуға құқық бар." деген сөздермен, "4) Экологиялық" деген сөз "Экологиялық" сөзбен ауыстырылып, 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

5) 18-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын.

2-бап. "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 924-құжат; 2003 ж., № 1-2, 12-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 23-і. № 21-III ҚРЗ












Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом