Введите номер документа
Прайс-лист

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1347 қаулысы (2005.30.06. берілген өзгерістерімен )

Информация о документе
Датавторник, 21 декабря 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 21 декабря 2004

«2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік

орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы »

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1347  Қаулысы

(2005.30.06. берілген өзгерістерімен )

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен  мәтінде  сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерiн 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 7,7 пайызына арттыру жүргiзiлсiн.

2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс деп белгiленсiн.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом