Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде апаттар болған жағдайдағы өзара іс-қимылдың тәртібі туралы Келісім (Астана қ., 1999 жылғы 18 қараша) (2015.02.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 18 ноября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 2 июня 2015

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде апаттар болған жағдайдағы өзара iс-қимылдың тәртібі туралы
Келісім
(Астана қ., 1999 жылғы 18 қараша)

(2015.02.06. берілген өзгерістермен)

 

2006  ж.  22 мамырдағы №141-III  ҚР Заңымен  ратификацияланды

2006 жылғы 23 маусымда күшіне енді

2016 жылғы 4 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгі принциптерi мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың табиғи бақытсыздықтардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімдi, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы «Байқоңыр» кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөніндегі 1997 жылғы 4 қазандағы келісімдi басшылыққа ала отырып,

«Байқоңыр» кешенiн қауіпсiз пайдалануда өзара мүдделіліктерiн бiлдiре отырып,

мына төмендегiлер туралы келiстi:

2015 ж. 2 маусымдағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап

Осы Келісім Тараптардың «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде апаттар болған жағдайдағы мiндеттерiн, Тараптардың күштерi мен құралдарын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу сәтiне Тараптардың күші мен құралдарын дайындық жағдайына келтiрудің тәртібін, зымырандарды жiберуге дайындығы туралы және апат жағдайында Тараптардың өзара хабарласу рәсiмдерін, сондай-ақ апаттардың зардаптарын жою үшін Тараптардың қажеттi күштерi мен құралдарын тартудың тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом