Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1144 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 21 ноября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 21 ноября 2005
Дата последнего измененияпонедельник, 21 ноября 2005

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1144 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:

2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):

"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:

"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлiмде:

реттік нөмiрi 217-жолда:

5-бағанда "707500" деген сандар "743803" деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағанда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 252-жолда:

5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:

005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша:

"Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана салу" деген жолда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын;

"Қызылорда облысының Жаңақорған кентiнде 190 төсектік Жаңақорған орталық аудандық ауруханасын салу" деген жолда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын;

3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында:

2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесінде (5-бөлім):

"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердің есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:

"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:

реттiк нөмiрi 105-жолда:

5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын;

6-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами